2026 жылғы 31 наурызда Махамбет ауданында Кәсіпкерлерге арналған үкімет ғимаратында жеке кәсіпкерлер мен шаруа қожалықтарының өкілдерімен кездесу өтті.
Іс-шара барысында Атырау облысы бойынша Мемлекеттік еңбек инспекциясы департаментінің бас маманы Самал Үбіғалиева еңбек заңнамасының негізгі талаптарын түсіндіріп, еңбек шарттарын есепке алу жүйесіне тіркеу, ұжымдық шарттарды рәсімдеу, қызметкерлерді міндетті сақтандыру және әкімшілік жауапкершілік мәселелеріне тоқталды.
Кездесу қорытындысында қатысушыларға тәжірибелік көмек көрсетіліп, қойылған сұрақтарға толық жауаптар берілді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/atyrau-inspekciya/press/news/details/1191161?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау