Маңғыстау облысында өндірістік жарақаттану мәселелері жөніндегі сараптамалық кеңес өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2026 жылғы 30 наурызда Маңғыстау облыстық кәсіподақ ғимаратында өндірістік жарақаттану және жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеру сапасын арттыру мәселелеріне арналған сараптамалық кеңес отырысы өтті.

Кеңес отырысына Маңғыстау облысы Еңбек инспекциясы департаменті басшысының міндетін атқарушы Кемалов Бауыржан Біләлұлы, облыстық полиция департаментінің басшылары, тергеу және әкімшілік басқармаларының жетекшілері, «PARYZ» жұмыс берушілер ұлттық конфедерациясының өкілі, сондай-ақ өңірдегі өндірістік мекемелердің басшылары қатысты.

Кеңес барысында өндірістік жарақаттардың алдын алу, жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеру кезінде туындайтын өзекті мәселелер, мемлекеттік органдар мен жұмыс берушілер арасындағы өзара іс-қимылды нығайту, сондай-ақ еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытындағы шаралар жан-жақты талқыланды.

Отырыстың қорытындысы бойынша қатысушылар өндірістік жарақаттану деңгейін төмендету, жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеру сапасын арттыру және жауапты органдардың үйлесімді жұмысын қамтамасыз ету бойынша нақты ұсыныстар әзірледі.

https://www.instagram.com/reel/DWiz6WrqMVH/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-mangystau/press/news/details/1191145?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version