Мемлекеттік еңбек инспекциясы Ұлытау облысы бойынша департаментінің басшысын тағайындау туралы

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2026 жылғы 30 наурыздан бастап Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Ұлытау облысы бойынша департаментінің басшысы болып Сапаргалиев Мерхат Балтыбекұлы тағайындалды.

Жаңа басшыны ұжымға Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитеті төрағасының орынбасары Казакбаев Самат Қосаевич таныстырды.

Сапаргалиев Мерхат Балтыбекұлы 1982 жылы Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданында дүниеге келген.

2006 жылы Батыс Қазақстан инженерлік-технологиялық университетін «Есеп және аудит» мамандығы бойынша тәмамдаған.

Еңбек жолын 2004 жылы Ақжайық ауданының экономика және қаржы бөлімінде бастап, 2009 жылға дейін бас маман қызметін атқарған.

2010–2012 жылдары Орал қалалық мәслихаты аппаратында жетекші маман қызметін атқарды.

2012–2013 жылдары Батыс Қазақстан облысы бойынша қаржылық бақылау инспекциясында бас маман, бас бақылаушы-ревизор лауазымдарында жұмыс істеді.

2014–2019 жылдары Батыс Қазақстан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасында жетекші және бас маман қызметтерін атқарды.

2019–2022 жылдары Ақсай қаласындағы Бөрлі арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығының директоры болды.

2022–2023 жылдары Батыс Қазақстан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасында бөлім басшысы қызметін атқарды.

2023–2025 жылдары Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жүйесінде бас маман және бөлім басшысы қызметтерінде жұмыс істеді.

2025–2026 жылдары Астана қаласында Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінде бас сарапшы болды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgit/press/news/details/1191038?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version