Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін түсіндіру мақсатында іс-шаралар өткізілді (Басқарманың және ведомстволық бағынысты ұйымдардың ақпараттық стендтерінде мемлекеттік қызметтерді алу туралы анықтамалық ақпарат орналастыру, халыққа қызмет көрсету орталықтарының ақпараттық стендтерінде және Өскемен қаласы бойынша пошта бөлімшелерінде ақпарат орналастыру арқылы халықты қамту).
Әлеуметтік желілерде (Instagram, Facebook), сондай-ақ «ШҚО мәдениет басқармасы» ММ-нің және ведомстволық бағынысты «Шығыс Қазақстан тарихи-мәдени мұраны қорғау жөніндегі мекеме» КММ-нің ресми сайт беттерінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2020 жылғы 26 мамырдағы №149 бұйрығымен бекітілген «Естелік тақталарды орнатуға рұқсат беру» мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары, «Аталған мемлекеттік қызметті қалай алуға болады» жадынамасы және қызметті алу туралы өзге де ақпарат мемлекеттік және орыс тілдерінде орналастырылды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-cultura-arhiv/press/news/details/1190207?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау