Мүгедектігі бар адамдардың заңды құқықтарын қамтамасыз ету және олар үшін қолжетімді орта қалыптастыру мақсатында Қазақстан Республикасында әлеуметтік инфрақұрылымның 27 683 объектісі бейімделді.
Бейімдеуге жататын объектілердің тізбесі Қолжетімділіктің интерактивті картасы негізінде қалыптастырылады. Карта – мүгедектігі бар адамдар үшін бейімдеуді қажет ететін әлеуметтік және көлік инфрақұрылымы объектілері туралы мәліметтерді қамтитын цифрлық платформа. Картаны толтыру жергілікті атқарушы органдармен объектілердің әлеуметтік маңыздылығын, азаматтардың өтініштерін, сондай-ақ мониторинг және профилактикалық бақылау нәтижелерін ескере отырып жүзеге асырылады. Объектілерді Картаға енгізу олардың маңыздылығы мен сұранысына қарай кезең-кезеңімен жүргізіледі.
Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасында 2025–2030 жылдарға арналған инклюзивті саясат тұжырымдамасы, «Amanat» партиясының 2023–2027 жылдарға арналған Жол картасы, сондай-ақ Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша әзірленген «Халықпен бірге» жобасы іске асырылуда.
«Amanat» партиясының Жол картасы шеңберінде 2023–2027 жылдар аралығында Картаға енгізілген 40 мыңнан астам объектіні бейімдеу көзделген. Жыл сайын Картадағы объектілердің жалпы санының 20%-ы бейімделеді: 2023 жылы – 20%, 2024 жылы – 40%, 2025 жылы – 60%, 2026 жылы – 80%, 2027 жылы – 100%.
2026 жылдың соңына дейін республика бойынша 34 320 объектіні бейімдеу жоспарлануда. Бүгінгі күні 27 683 объектіде бейімдеу жұмыстары жүргізіліп, бұл жалпы санының 65%-ын құрайды.
Бейімделген 27 683 объектінің ішінде мүгедектігі бар адамдардың барлық санаттары үшін қолжетімді:
- денсаулық сақтау объектілері – 4 570;
- білім беру объектілері – 9 083;
- мәдениет объектілері – 2 166;
- сауда және қызмет көрсету объектілері – 5 314;
- мемлекеттік және квазимемлекеттік ұйымдар – 4 012;
- өзге объектілер – 2 538.
Жергілікті атқарушы органдардың деректері бойынша өңірлер бөлінісінде бейімделген объектілер саны:
- Астана қаласы – 810 объект;
- Алматы қаласы – 5 780 объект;
- Шымкент қаласы – 1 401 объект;
- Абай облысы – 872 объект;
- Ақмола облысы – 1 265 объект;
- Ақтөбе облысы – 898 объект;
- Алматы облысы – 1 055 объект;
- Атырау облысы – 1 438 объект;
- Шығыс Қазақстан облысы – 1 221 объект;
- Жамбыл облысы – 1 084 объект;
- Жетісу облысы – 954 объект;
- Батыс Қазақстан облысы – 1 360 объект;
- Қарағанды облысы – 1 281 объект;
- Қостанай облысы – 1 367 объект;
- Қызылорда облысы – 1 567 объект;
- Маңғыстау облысы – 703 объект;
- Павлодар облысы – 1 158 объект;
- Солтүстік Қазақстан облысы – 1 038 объект;
- Түркістан облысы – 2 286 объект;
- Ұлытау облысы – 145 объект.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/lspm/press/news/details/1191043?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау