Оқушылардағы шамадан тыс шаршаудың алдын алу

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Оқу жылының аяқталуына байланысты оқушылар арасында шамадан тыс шаршаудың алдын алу мәселесі өзекті бола түсті. Шаршау жүйке және психосоматикалық, жедел және созылмалы аурулардың дамуына алғышарт болуы мүмкін.

Оқушының оқу күні айтарлықтай ақыл-ой және эмоциялық жүктемелерге толы: үлкен көлемдегі ақпаратты қабылдау мен меңгеру, ұзақ уақыт бойы бір қалыпта отыру, қозғалыс белсенділігінің жеткіліксіздігі. Шаршау мен шамадан тыс шаршаудың алдын алу үшін келесі ұсыныстарды сақтау қажет: Күн тәртібін дұрыс ұйымдастыру 1–4 сынып оқушылары үшін түнгі ұйқы – 10–10,5 сағат, 5–7 сыныптар – шамамен 10,5 сағат, 6–9 сыныптар – 9–9,5 сағат, 10–11 сыныптар – 8–9 сағат, 1-сынып оқушыларына 2 сағатқа дейін күндізгі ұйқы ұсынылады. Бастауыш сынып оқушылары 22:00-ден кеш жатпауы тиіс. Жұмыс орнын дұрыс ұйымдастыру: табиғи және жасанды жарық жеткілікті болуы керек, үстел мен орындық баланың бойы мен жасына сай болуы қажет, дұрыс отыруды үйретіп, бақылау қажет. Бөлмені жиі желдету және күнделікті ылғалды тазалау жүргізу керек.

Дұрыс тамақтану: тағамның толыққанды және әртүрлі болуын және тамақтану режимін сақтау. Дәрігердің ұсынысымен витаминдер қабылдау. Эмоционалдық жеңілдеу (қарым-қатынас, әзіл, күлкі, музыка тыңдау, комедиялар мен мультфильмдер көру). Қызықты әңгімелер оқу, би билеу. Таза ауадағы серуен және белсенді демалыс. Қимыл-қозғалыс ойындары. Дене белсенділігінің басқа түрлері. Көзге арналған жаттығулар және өзін-өзі массаж жасау. Сергіту жаттығулары (физкультминутка). Жаттығуларды әр бағытта 2–3 реттен, күрт қозғалыссыз орындау керек. Соңында қысқа релаксация жасау ұсынылады.Басты солға және оңға бұру, басты айналдыру және еңкейту. Мойын мен иықты жеңіл уқалау. Қолды жоғары көтеріп, жан-жаққа еңкею. Белді айналдыру, денені бұру. Саусақтарды жұму және ашу. Қол, шынтақ, иық буындарын айналдыру. Иықты көтеріп-түсіру және артқа тарту. Табанды айналдыру, аяқ саусақтарын қимылдату. Тік отырып отырып-тұру (приседание).

Шалқалап жатып «велосипед» және «қайшы» жаттығуларын жасау.

Дұрыс ұйымдастырылған күн тәртібі оқушының көңіл-күйіне, денсаулығына және оқу үлгеріміне оң әсер етеді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-zhambyl/press/news/details/1191034?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version