Ағымдағы жылдың 31наурызында Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің Зияткерлік меншік құқықтары бөлімімен «Өскемен қаласы әкімдігінің Зәки Ахметов атындағы №16 орта мектебінің» 11 сынып оқушылары үшін «Зияткерлік меншік құқықтарын тіркеу» және «Лудомания, есірткіге жол жоқ» тақырыптарыңда дәріс өткізілді.
Оқытудың мақсаты – зияткерлік меншік құқықтарын қорғау және зияткерлік меншік объектілеріне құқықтарды қорғау саласында оқушылардың хабардарлығын арттыру болып табылады, әсіресе шығармашылығы бар оқушыларға авторлық құқық объектілерін тіркеудің маңыздылығын жеткізу және қоғамдық орындардағы тәртіп ережелерін түсіндіру «Заң және тәртіп» әңгімесін ақпараттық жариялау.
Дәріс барысында оқушыларға аталған тақырыптар бойынша толық ақпарат беріліп, авторлық құқықтың пайда болуы, авторлық құқықты қорғау және мемлекеттік тізілімінде тіркеу қағидалары түсіндірілді.
Дәріс қорытындысы бойнша оқушыларға қажетті консультациялық көмек көрсетілді, сондай-ақ қойылған сұрақтарға толық жауаптар берілді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-shko/press/news/details/1190888?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау