Қарағанды облысында өрт сөндірушілер арасында «Тік көтерілу» жарысы өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Бүгін Қарағанды облысы Төтенше жағдайлар департаментінде тыныс алу аппараттарын пайдалана отырып «Тік көтерілу» атты әсерлі жарыс ұйымдастырылды. Бұл тек спорттық бәсеке ғана емес, нағыз ерлік пен кәсіби дайындықтың, төзімділік пен рух күшінің сынға түскен сәті болды.

Сынақ қатысушылар үшін айтарлықтай күрделі болды. Әрбір өрт сөндіруші толық жауынгерлік киіммен және арнайы жабдықпен, жалпы салмағы 25 келіден асатын жүктемемен 25-қабатқа жүгіріп көтерілді. Мұндай жүктеме олардың жоғары деңгейдегі физикалық дайындығын, төзімділігі мен шоғырлануын талап етті.

Жарыс қорытындысы бойынша:
1-орын — 2 минут 50 секунд нәтижемен Мамандандырылған жасақтың аға өрт сөндірушісі Алексей Теренюк;
2-орын — 3 минут 00 секунд нәтижемен №6 өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндіруші-құтқарушысы Абылай Амантаев;
3-орын — 3 минут 16 секунд нәтижемен №1 өрт сөндіру бөлімінің қызметкері Данияр Әбенов.

Жеңімпаздар Қарағанды облысының намысын республикалық жарыстарда қорғайды.

Бұл жарыс өрт сөндірушілердің төзімділігі мен рух күшін, сондай-ақ мамандыққа деген адалдығын тағы бір мәрте дәлелдеді. Осындай іс-шаралар кәсіби дағдыларды жетілдіруге және кез келген төтенше жағдайларда сенімді әрекет етуге дайындықты арттыруға ықпал етеді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-karaganda/press/news/details/1190852?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version