Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде «Жасанды интеллекттің теріс жағы» тақырыбында интерактивті дәріс ұйымдастырылды.
Шараны Қызылорда облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің АМІЖ тергеушісі Майра Оралбаева жүргізді. Дәріске экономика және құқық саласы бойынша білім алып жатқан 80-нен астам студент қатысты. Кездесу барысында қатысушылар «дипфейк», «дропперлік» және жасанды интеллект технологияларын теріс пайдаланудың ықтимал қауіптері туралы кеңінен ақпарат алды. Шара соңында студенттерге Қаржылық қауіпсіздік бойынша Ұлттық олимпиада жайлы ақпарат берілді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/afm-kyzylorda/press/news/details/1190669?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау