ҚР «Атамекен» ҰКП Төралқа төрағасы Қ. Шарлапаевтың жұмыс сапары өтті, оның барысында Павлодар облысының кәсіпкерлерімен кеңейтілген кездесу өткізілді.
Өңір кәсіпкерлерімен кеңейтілген кездесу аясында бизнесті дамытудың өзекті мәселелері, мемлекеттік қолдау шаралары, сондай-ақ іскерлік ахуалды жақсарту бойынша ұсыныстар талқыланды.
Сонымен қатар жұмыс сапары аясында Қанат Шарлапаев облыстың бірқатар ірі кәсіпорындарын аралады:
– «Ертіс гидрометаллургиялық комбинаты» ЖШС – өнеркәсіп нысанының құрылыс алаңы;
– «Turkey PVL» ЖШС – күркетауық етінен жасалған шұжық өнімдерінің бірегей өндірісі;
– Ұшқышсыз авиациялық жүйелерді шығаруға маманданған «United Machinery Resources» ЖШС.
Жұмыс сапары мемлекет пен кәсіпкерлер арасындағы диалогты нығайтудағы маңызды қадам болды, сондай-ақ Павлодар облысының экономикасын дамытуға қосымша серпін берді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/pavlodar-upt/press/news/details/1190209?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау