ҚР ДСМ Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаменті тарапынан, Шымкент қаласындағы барлық фармацевтикалық қызметті жүзеге асыратын субъектілерінің дәріханаларының бағасына тұрақты түрде мониторинг жүргізілуде.
Бүгінгі таңға, елімізде «NAQTY ONYM» мобильды қосымшасы іске қосылған. Аталған жүйеде дәрілік заттардың қорабына басылған QR-кодты сканерлеу арқылы сатып алынған дәрілік заты туралы толық ақпаратпен, оның ішінде заңмен бекітілген шекті бағасымен танысу мүмкіндігі қарастырылған.
Мобильды қосымшада дәрілік заттарға қатысты ақпаратпен танысу барысында заңбұзышылық анықталған жағдайда, «NAQTY ONYM» платформасынан сілтеме арқылы «Е-өтініш» жүйесінде уәкілетті органға арыз шағым түсіру функциясы енгізілген.
Қазыргі кезде, Шымкент қаласында бірқатар дәрілік заттардың сатылымда бағалары төмендегені байқалады.
Атап айтқанда: «Аторис 20мг» дәрілік заты, бағасы 3892тг-ден 1675тг-ге төмендеді. «Милдронат 0,5мг/мл» дәрілік затының бағасы 9063тг-ден 4366тг-ге төмендеді, «Супрастин 25мг» дәрілік затының бағасы 2642тг-ден 980тг-ге төмендеді, «Торбекс көзге арналған тамшы 0,3% 5мл» дәрілік затының бағасы 2212тг-ден 1190тг-ге төмендеді, «Энап 5мг» дәрілік затының бағасы 958тг-ден 580тг-ге төмендегені анықталды.
Бұдан бөлек, заңбұзушылық орын алған жағдайда және дәрілік заттарға қатысты толық ақпарат алу үшін азаматтар тікелей ҚР ДСМ Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаментіне жүгінуіне болады.
Дәрілік заттардың айналымы саласындағы бұл өзгерістер бөлшек сауда желілеренде дәрілік заттардың шекті бағасынан асырып сатуға жол бермеуге және жалпы бағалардың төмендеуіне ықпал етеді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/dkmfk-shymkent/press/news/details/1190422?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау