Амангелді ауданының әкімдігінде Қазақстан Республикасы жаңа Конституциясының жобасы талқылауға арналған кеңес отырысы өтті. Жиын барысында Конституциялық реформаның негізгі бағыттары, енгізілетін өзгерістер және олардың қоғам дамуы үшін маңызы жан-жақты қаралды.
Кеңес отырысында аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Дауылбай Есім Жетпісбайұлы және «AMANAT» партиясы Амангелді аудандық филиалының төрағасы Досымов Марал Мұратбекұлы сөз сөйлеп, өз ой-пікірлері мен ұсыныстарын білдірді.
Сонымен қатар, Амангелді ауданы әкімінің орынбасары Туленов Сахан Оңжанұлы баяндама жасап, қатысушыларға алдағы уақытта Конституцияның жаңа нұсқасын түсіндіру және осы бағытта жүргізілетін жұмыстар туралы жан-жақты ақпарат берді.
Отырысқа аудан әкімдігі қызметкерлері, мәслихат депутаттары, қоғамдық кеңес мүшелері және сала өкілдері қатысты. Қатысушылар тақырып аясында ашық пікір алмасу жүргізді.
Конституциялық өзгерістер – ел дамуының берік негізі. Бұл бағыттағы ақпараттық-түсіндіру жұмыстары алдағы уақытта да жүйелі түрде жалғасын табады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-amangeldi/press/news/details/1190949?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау