ШҚО ТЖД бастығының орынбасары Исхар Савазов облыстық Жамбыл атындағы мамандандырылған мектеп-гимназия-интернатының оқушыларымен кездесу өткізді, онда Мәлік Ғабдуллин атындағы азаматтық қорғау Академиясына түсу мүмкіндіктері туралы айтты.
Кездесу барысында ол оқушыларға оқуға түсу және оқу шарттарын егжей-тегжейлі айтып берді. Курсанттар үшін әлеуметтік кепілдіктер балалардың ерекше қызығушылығын тудырды.
«Академияда оқу тегін. Бұл еліміздегі ТЖМ органдары мен бөлімшелеріне мамандар даярлайтын жалғыз жоғары оқу орны. Курсанттарды толық мемлекет қамтамасыз етеді: тамақтану, киім-кешек, ақшалай және медициналық жағынан. Аяқтағаннан кейін арнайы атақтары беріледі», — деп атап өтті Исхар Савазов.
Ол сондай-ақ оқытудың жоғары деңгейіне баса назар аудара отырып, жеке оқу тәжірибесімен бөлісті: «Академияда сапалы білім береді, ал оқытушылар заманауи және қызықты оқыту әдістерін қолданады».
Кездесу соңында оқушылар барлық сұрақтарға жауап алды. Оқуға түсуге қызығушылық танытқандар үшін кеңес алу үшін байланыс нөмірі қалдырылды.
Мұндай кездесулер оқушыларға мамандық таңдау туралы шешім қабылдауға ғана емес, сонымен қатар азаматтық қорғау жүйесіндегі қызметтің нақты перспективаларын көруге көмектеседі.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-vko/press/news/details/1190448?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау