Шегіртке зиянкестерімен күресу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шаралары талқыланды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Комитет төрағасы С. Қаныбеков аумақтық инспекциялар мен ведомстволық бағынысты ұйымдардың қатысуымен онлайн-кеңес өткізді.

Кеңесте шегіртке зиянкестеріне қарсы қорғау іс-шараларына дайындықтың ұйымдастырушылық мәселелері талқыланды.

Шегірткелердің таралу ошақтарына дер кезінде және сапалы мониторинг жүргізуді ұйымдастыру, сондай-ақ зиянкестер жайлаған алқаптарды тиімді өңдеу қажеттілігі туралы тапсырмалар берілді. Халықты химиялық өңдеу жүргізілетін орындар мен уақыты туралы хабардар ету қажеттігі атап өтілді.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелеріне ерекше назар аударылды. Төраға алдын алу шараларын күшейту, әдеп нормаларын сақтау және мемлекеттік функцияларды орындау бойынша нұсқаулар берді. Заңнаманы қатаң сақтаудың және аумақтық бөлімшелердің қызметінде кез келген сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмаудың маңыздылығы атап өтілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/agroindust/press/news/details/1191172?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version