ШЫМКЕНТТЕ ТАҒЫ 30 ОТБАСЫ ЖАҢА ПӘТЕР КІЛТІНЕ ИЕ БОЛДЫ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Бүгін Шымкент қаласында тағы 30 отбасы жаңа пәтерлерге ие болып, салтанатты түрде кілттері табыс етілді. Бұл шара – қаламыздағы баспанасыз азаматтарды тұрғын үймен қамтамасыз ету бағытындағы жүйелі жұмыстың жалғасы болып табылады.

Жаңа пәтерлерді «Асар-2» шағынауданындағы үйлерден алған отбасы мүшелерін қуанышымен құттықтаған Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков салтанатты іс-шарада қала тұрғындарын қолжетімді және сапалы баспанамен қамтамасыз ету жұмысы кезең-кезеңімен жалғасатынын айтты. «Қаламыздың халқы жайлы ортада, ыңғайлы тұрмыстық жағдайда өмір сүруі тиіс. Осы жолда аянбай еңбек етеміз», – деді қала әкімі.

Жаңа пәтерлер әлеуметтік осал санаттағы азаматтарға коммуналды үй қоры есебінен берілуде. Олардың қатарында мүгедектігі бар азаматтар, толық емес отбасылар, ерекше балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар, сондай-ақ жетімдер мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар бар.

Қала әкімдігінің жоспарына сәйкес, жыл соңына дейін тағы бірнеше үй кешенін пайдалануға беру көзделген. Жалдамалы баспана бөлу механизмі ашық әрі әділ жүзеге асырылып, барлық үміткер белгіленген талаптарға сәйкес іріктеуден өтуде.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent/press/news/details/1190969?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version