ШЫМКЕНТТЕ ТАҒЫ 30 ОТБАСЫ ЖАҢА ПӘТЕРЛІ БОЛДЫ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

ШЫМКЕНТТЕ ТАҒЫ 30 ОТБАСЫ ЖАҢА ПӘТЕРЛІ БОЛДЫ

🔷 Шымкент қаласының тұрғындарын баспанамен қамтамасыз ету бағытындағы жүйелі жұмыс жалғасуда. Бүгін тағы 30 отбасы Асар-2 шағынауданындағы үйлерден жалдамалы пәтер кілттеріне ие болды.

🔷 Мерекелік рәсімге қала әкімі Ғабит Сыздықбеков қатысты. Тұрғындарды қоныс тойымен құттықтаған мегаполис басшысы азаматтарды қолжетімді және сапалы баспанамен қамтамасыз ету тұрғын үй мәселесін кезең-кезеңімен шешуге және халықтың өмір сапасын арттыруға үлес қосатынын атап өтті.

🔷 Жаңа пәтерлер әлеуметтік осал санаттағы азаматтарға берілетін коммуналды үй қоры есебінен беріліп отыр. Олардың арасында мүгедектігі бар азаматтар, толық емес отбасылар, ерекше балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар, сондай-ақ, жетімдер мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар бар.

🔷 Жыл соңына дейін тағы бірнеше үй кешенін пайдалануға беру жоспарланып отырғанын атап өткен жөн. Осылайша қала тұрғындарын баспанамен қамтамасыз ету жұмысы жалғаса береді. Жалдамалы баспана бөлу механизмі ашық әрі әділ жүзеге асырылады. Барлық үміткер белгіленген талаптарға сәйкес іріктеуден өтеді.

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent-turgyn-ui/press/news/details/1191071?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version