“Тәртіп пен білім егіз” профилактикалық семинар

Жарияланды:

Автор:

категорияда

   Қайнар ауылдық округі “Қайнар орта мектебі, мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар” КММ-де жасөспірімдер арасында «Тәртіп пен білім егіз» тақырыбында профилактикалық семинар ұйымдастырылып, өткізілді. Іс-шараның негізгі мақсаты – жастар арасында құқықтық сауаттылықты арттыру, тәртіпті сақтау мәдениетін қалыптастыру және білімнің маңыздылығын түсіндіру.
    Семинар барысында қатысушыларға заң талаптарын сақтау, құқық бұзушылықтың алдын алу, сондай-ақ білім алудың болашақтағы рөлі жөнінде жан-жақты түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Мамандар өз баяндамаларында тәртіп пен білімнің бір-бірімен тығыз байланысты екенін атап өтіп, саналы ұрпақ қалыптастырудағы маңызын жеткізді.
     Шараға қатысқан жастар өз пікірлерін білдіріп, көкейлеріндегі сұрақтарға жауап алды. Осындай профилактикалық бағыттағы кездесулер жасөспірімдердің дұрыс бағытта тәрбиеленуіне және қоғамда жауапкершілікті тұлға болып қалыптасуына ықпал етеді.
     Тәртіп бар жерде – тәрбие, білім бар жерде – болашақ бар!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-alakol-kainar/press/news/details/1190875?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version