Қайнар ауылында Таза Қазақстан акциясы аясында кең көлемді тазалық жұмыстары ұйымдастырылды.Аталған іс-шараға ауыл тұрғындары, жастар, мекеме қызметкерлері белсенді қатысып, туған жердің тазалығына өз үлестерін қосты.
Акция барысында ауыл көшелері, аулалар мен қоғамдық орындар тазартылып, қоқыстар жиналып, арнайы орындарға шығарылды. Сонымен қатар, айналаны көркейту мақсатында ағаш отырғызу және абаттандыру жұмыстары жүргізілді.
Осындай игі бастамалар ауылдың көркеюіне, тұрғындардың экологиялық мәдениетінің қалыптасуына үлкен септігін тигізеді. Қайнар ауылының тұрғындары алдағы уақытта да тазалықты сақтауға және табиғатты қорғауға белсенді атсалысатындықтарын білдірді.
Таза ауыл – жарқын болашақтың кепілі! 🌿
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-alakol-kainar/press/news/details/1190721?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау