Түркістан облысында дронның көмегімен жол ережесін бұзған жүргізушілер анықталды 

Жарияланды:

Автор:

категорияда

“Қауіпсіз жол” жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында полиция қызметкерлері күшейтілген режимде қызмет атқаруда. Республикалық маңызы бар автожолдарда бақылау күшейтіліп, заманауи технологиялар, соның ішінде пилотсыз ұшу аппараты кеңінен қолданылуда.

Бұл тәсіл қозғалысты тиімді қадағалауға және құқық бұзушылықтарды жедел анықтауға мүмкіндік береді. Нәтижесінде дрон көмегімен қарсы бағытқа шығып, өзге қозғалыс қатысушыларына қауіп төндірген 4 жүргізуші анықталды. Аталған құқық бұзушылықтар дер кезінде тоқтатылып, кінәлі тұлғаларға қатысты тиісті шара қабылданды.

Полиция қызметкерлері жол қозғалысы ережелерін сақтау – адам өмірі мен қауіпсіздігінің басты кепілі екенін ескертеді. Осыған байланысты жүргізушілерді мұқият болып, белгіленген талаптарды қатаң сақтауға шақырады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-turkistan/press/news/details/1190789?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version