ТҮРКІСТАНДА ТЕННИСТЕН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ITF J30 ТУРНИРІ БАСТАЛДЫ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Түркістан қаласындағы Теннис орталығында 18 жасқа дейінгі спортшылар арасында алғаш рет ұйымдастырылып отырған «ITF J30 Turkistan» халықаралық турнирі өз жалауын көтерді. Дүбірлі дода 30 наурыз бен 4 сәуір аралығында өтеді.
Халықаралық деңгейдегі бәсекеге Қытай, Чехия, Испания, Гонконг, Сингапур, Өзбекстан, Тәжікстан, Қырғызстан және Қазақстан елдерінен жас теннисшілер қатысып, өзара мықтыны анықтауда.
Салтанатты ашылу рәсімінде Түркістан облысы бойынша Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаментінің басшысы Болат Қалмұрзаев пен облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Ғалымжан Худияров сөз сөйлеп, қатысушыларға сәттілік тіледі.
Жарысқа жалпы саны 64 спортшы (32 ұл, 32 қыз) қатысуда. Турнир жаңа форматта өтеді: алдымен теннисшілер топтық кезеңде өнер көрсетіп, үздік шыққан 8 спортшы плей-офф кезеңінде бас жүлдені сарапқа салады.
Айта кетейік, бұл турнирдің нәтижелері қатысушылардың халықаралық рейтингтеріне әсер етеді.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/1191151?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version