ТҮРКІСТАНДА «ҰЛЫ ДАЛА ӨРКЕНИЕТІ: ТАРИХ ПЕН ТАҒЫЛЫМ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯСЫ ӨТТІ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Түркістан облыстық «Ұлы Дала Елі Орталығы» ұйымдастыруымен «Ұлы Дала өркениеті: тарих пен тағылым» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті.
 
Іс-шара аясында «Ұлы Дала Елі Орталығының» 5 жылдығына арналған көрменің ашылуы өтті. Конференцияның ашылу рәсімінде Түркістан облысы мәдениет басқармасы басшысының орынбасары Ғалымжан Бақытжанұлы Ерназаров құттықтау сөз сөйлеп, жиынның маңыздылығына тоқталды.
 
Ғылыми жиын жұмысы төрт негізгі бағыт бойынша өтуде:
– Жасанды интеллект және цифрландыру дәуіріндегі тарихи мұраны зерттеу мен таныту, музей ісіндегі жаңа мүмкіндіктер;
– Музей мен туризм: Қазақстан жағдайындағы артықшылықтары мен өзекті мәселелері;
– Ұлы дала өркениеті – адамзат тарихындағы көшпелі мәдениеттің бірегей үлгісі;
– Музей – Ұлы дала өркениетінің тарихи жадын сақтаушы.
 
Айта кетейік, конференция екі күнге жалғасады. Екінші күні қатысушылар өңірдің киелі орындарына экскурсия жасап, тарихи-мәдени мұралармен танысты.
 
Түркістан облысы мәдениет басқармасының баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-madeniet/press/news/details/1189564?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version