Бүгін Филиппин мемлекетінің Тагайтай қаласында велотректен Азия чемпионаты мәресіне жетті, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Жарыс қорытындысы бойынша ересектер санатында Қазақстан Ұлттық құрамасы 5 медаль иеленді:
🥇 Кирилл Курдиди – 1000 метр, гит;
🥈 Әлішер Жұмақан – ұпай бойынша топтық жарыс;
🥈 Әлішер Жұмақан – 10 шақырым скрэтч;
🥈 Рамис Дінмұхаметов пен Илья Карабутов – 50 шақырым мэдисон;
🥉 Рината Сұлтанова – із қуу жарысы.
Жасөспірімдер құрамасы 6 медальға қол жеткізді.
🥇 Әнел Ташбай, Аружан Қабдулова, Виталина Хоружая, Аружан Смайылқанова, Әлия Бұқаева – командалық жарыс;
🥇 Әнел Ташбай, Аружан Қабдулова – мэдисон;
🥇 Әнел Ташбай – 3 шақырым жекелей жарыс;
🥈 Мұрат Күйітенов – омниум;
🥈 Аружан Қабдулова – ұпай бойынша топтық жарыс;
🥉 Зейнолла Азаматұлы.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sport/press/news/details/1191095?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау