Зерделеу жұмыстары жалғасты

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Сарысу аудандық мәслихатының перспективалық жоспарындағы қаралған мәселелерге сәйкес аудандық мәслихат төрағасы Шаттық Мұсабеков, аудандық мәслихат депутаттары және мәслихат аппаратының басшысы мен жауапты мамандары зерделеу жұмыстарын Жаңатас қаласында жалғастырды.

Ауданымыз өндірісі өркендеген, эко­номикасы дамыған аймақ. Аудандағы кәсіпорындар бүгінде өндіріс көлемін қарқындатып, даму үстінде. Әр салада игілікті істер жүйелі жалғасын табуда. Тынымсыз еңбектің нәтижесінде аудан экономикасы үдемелі дамып келе жатқан өнеркәсіптің орталығы ретінде қалыптасып келеді. Аудан әкімдігінің кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөліміндегі кездесу барысында бөлімнің басшысы Данияр Ермекбаев мәслихат депутаттарын ауданда кәсіпкерлік және өнеркәсіп саласында атқарылып жұмыстармен таныстырды. Сонымен қатар, іске асырылып жатқан инвестициялық жобалар жөнінде баяндады.

Спорт қай заманда болмасын, адам өмірінің маңызды бөлігі болып саналып, адамның денсаулығы мен рухының мықты болуына септігін тигізіп келеді. Ауданымызда салауатты өмір салтын қалыптастыруға, дене шынықтыру мен спорттың бұқаралығын арттыруға үлкен көңіл бөлінеді. Спорт мектептеріндегі спорт секцияларында оқушыларымыз спорттың әр түрімен айналысуда. Шұғылданушылар саны көбейіп келеді, олардың қол жеткен жетістіктері де бар. Біздің спортшылар ауданымыздың спорттық айбынын лайықты түрде қорғауда. Өздерінің белсенділігімен және жоғары нәтижелерімен республикамыздың беделін әлемдік аренада жоғары көтеруге ықпал етуде. Өңірімізде салмақты нәтижелер мен жеңістерге жеткен түрлі спорттық жарыстардың атақты чемпиондары мен жүлдегерлерінің тұтас тобы тәрбиеленген. Аудан әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөліміндегі кездесуде бөлімнің басшысы Нұржан Айнеков мәслихат депутаттарын спорт саласында атқарылып жатқан шаралармен таныстырды. Оның ішінде, бұқаралық спортты дамыту, салауатты өмір салтын қалыптастыру бағытында атқарылып жатқан жұмыстарды атап өтті.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-sarysu/press/news/details/1190369?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version