Жетісу облысында «Қандас» мәртебесін беру бойынша жаңа пилоттық жоба талқыланды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2026 жылғы 30 наурызда Жетісу облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасында Полиция департаментінің Көші-қон қызметі басқармасы және «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының облыстық филиалы мамандарының қатысуымен дөңгелек үстел өтті. Кездесу барысында 2026 жылғы 30 қаңтардағы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің №41, ҚР Ішкі істер министрлігінің №60 және ҚР Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің №47 бірлескен бұйрығына сәйкес жүзеге асырылып жатқан пилоттық жоба талқыланды. Аталған жоба 2026 жылғы 16 ақпаннан бастап іске қосылған. Осыған байланысты, 2026 жылғы 16 ақпаннан бастап Жетісу облысында «Қандас» мәртебесін алуға өтініш қабылдау тоқтатылды. Қызмет алу үшін қандай рәсімдерден өту қажет? Пилоттық жоба аясында «Қандас» мәртебесін алуға, сондай-ақ Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға ниет білдірген шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдар келесі кезеңдерден өтеді: 1. Қазақ тілін меңгергенін анықтайтын тестілеу (ҚАЗТЕСТ, сайт: app.tectcenter.kz); 2. Көшіп келушілердің сауалнама толтыруы (жеке деректер, паспорт деректері, байланыс мәліметтері, білімі, жолсапар мәліметтері, денсаулығы, құқық бұзушылықтар, жұмыс тәжірибесі, әскери міндеті, туыстары туралы ақпараттарды migration.enbek.kz ұсынады); 3. Әңгімелесу (егер шетел азаматы шетелден тапсырған жағдайда шетелдегі Қазақстан өкілдігі өткізеді, ал егер шетел азаматы Қазақстан аумағында тапсырса жергілікті атқарушы орган өткізеді). Жоғарыда көрсетілген талаптарды толық орындаған жағдайда: – шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдар ҚР-да тұрақты тұруға рұқсат алуға өтініш бере алады; – «Қандас» мәртебесін алуға ниет білдірген этникалық қазақтар мәртебе алу үшін құжаттарын тапсырады. Маңызды ақпарат: «Қандас» мәртебесі тек Үкімет айқындаған қабылдаушы өңірлерде беріледі (Абай, Ақмола, Шығыс Қазақстан, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан және Ұлытау облыстары). Сұрақтар қосымша туындаған жағдайда аудан, қалалардағы «Халыққа қызмет көрсету орталығы» филиалдарынан білуге болады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-social-employment/press/news/details/1190454?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version