Жоғары Сот Кеңесі жанындағы Сот төрелігі академиясының магистранттары ҚАЖ мекемелерінде көшпелі тәжірибелік дәріс өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Жоғары Сот Кеңесі жанындағы Сот төрелігі академиясының магистранттары ҚАЖ мекемелерінде көшпелі тәжірибелік дәріс өтті

Сот төрелігі академиясының тәжірибесінде алғаш рет магистранттар үшін қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде көшпелі дәріс ұйымдастырылды.

Магистранттар Ақмола облысы Аршалы кентінде орналасқан Астана қаласы бойынша ҚАЖД №2 мекемесіне және Астана қаласындағы тергеу изоляторына барды.

Көшпелі дәрісті Жоғары Сот Кеңесінің мүшесі, заң ғылымдарының докторы, профессор Айдархан Скаков өткізді.

Сапар барысында магистранттар мекеме әкімшілігінің сүйемелдеуімен барынша қауіпсіздік деңгейіндегі мекеменің қызметімен, сотталғандарды ұстау жағдайларымен және ішкі тәртіп талаптарымен танысты. Қылмыстық және қылмыстық-атқару заңнамасын қолдану тәжірибесіне, сондай-ақ сотталғандардың құқықтарын сақтау мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Қатысушыларға сотталғандар еңбекке тартылатын өндірістік учаскелер таныстырылды. Олардың қатарында тігін және жиһаз өндірісі, сондай-ақ өзге де еңбек түрлері бар. Бұл бағыт сотталғандарды босатылғаннан кейін әлеуметтік бейімдеу мен қайта әлеуметтендірудің маңызды тетігі болып табылады.

Мұндай оқыту форматы болашақ судьяларға теориялық білімдерін бекітіп қана қоймай, тағайындалатын жазалардың салдарын, олардың орындалу жағдайларын және адамның кейінгі тағдырына ықпалын тәжірибе жүзінде түсінуге мүмкіндік береді. Бұл өз кезегінде неғұрлым салмақты, негізделген әрі әділ сот шешімдерін қабылдауға ықпал етеді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vss/press/news/details/1190365?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version