Жолда қабылдау акциясы өткізілді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

«Заң мен Тәртіп» қағидасы аясында «Айқын нәтиже» жобасының іс-шаралар жоспарын орындау мақсатында Байғанин ауданы прокуратурасының ұйымдастыруымен тиісті құқық қорғау органдары мен жолға жауапты мекеме қызметкерлерінің қатысуымен «Ақтөбе-Астрахань» республикалық тас жолы бойында «жолда қабылдау» акциясы өткізілді.

Акцияның негізгі мақсаты – жол-көлік оқиғаларын алдын алу.

Шара аясында жүргізушілерге жылдамдықты асырмау, қарсы бағытқа шықпау, қауіпсіздік белдіктерін тағып жүру және басқа да жол ережелерін қатаң сақтау қажеттігі түсіндіріліп, арнайы дайындалған жадынамалар таратылды.

Сондай-ақ аудандық аурухана қызметкерлерімен жүргізушілердің денсаулық жағдайлары мен қан қысымдары тексерілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-baiganin/press/news/details/1190689?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version