ЖШС-дегі депозит жеңілдетілген режимде: 100.00 нысанын тапсыру және КТС төлеу қажет пе

Жарияланды:

Автор:

категорияда

ЖШС-дегі депозит жеңілдетілген режимде: 100.00 нысанын тапсыру және КТС төлеу қажет пе
Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті түсіндіреді. Жеңілдетілген декларация негізінде арнайы салық режимін қолданатын жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер (ЖШС) бос ақшалай қаражатты банктердегі депозиттерге жиі орналастырады. Осыған байланысты сұрақ туындайды: депозит бойынша кірісті көрсету және корпоративтік табыс салығын (КТС) төлеу қажет пе?
Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 681-бабының ережелеріне сәйкес депозиттер бойынша сыйақы түріндегі кірістер арнаулы салық режимі шеңберінде салық салынатын кірістерге жатпайды. Бұл дегеніміз, мұндай кірістерге жалпы белгіленген тәртіппен салық салынады.
Осылайша, депозит бойынша кіріс алған ЖШС есепті жылдың қорытындысы бойынша 100.00 нысаны бойынша декларация тапсыруға және онда жылдық жиынтық табыстың құрамында алынған сыйақы сомасын көрсетуге міндетті. Көрсетілген табыс салық төлеушінің өзге де табысы ретінде 100.00.014 жолына енгізіледі.
Депозит бойынша табысқа 20 пайыздық мөлшерлеме бойынша корпоративтік табыс салығы салынады. Бұл ретте сыйақы төлейтін банк салық агенті ретінде әрекет етеді және салық заңнамасына сәйкес 15 пайыз мөлшерлеме бойынша төлем көзінен салықты ұстайды.
Салық кодексінің 302-бабына сәйкес бюджетке төленетін КТС сомасы төлем көзінен ұсталған салық сомасына азаяды. Басқаша айтқанда, салық төлеуші өзінің салық міндеттемелерін есептеу кезінде банк ұстаған салықты есептеуге құқылы.
Мысалы, Егер депозит бойынша сыйақы сомасы 100 000 теңгені құраса, онда 20 пайыз мөлшерлемесі бойынша жалпы КТС 20 000 теңгені құрайды. Бұл ретте банк 15 пайыз немесе 15 000 теңге ұстайды. Нәтижесінде бюджетке қосымша ақы төлеуге 5 000 теңге мөлшерінде айырма қалады.
Депозиттер бойынша кірістерді дұрыс көрсету және есептілікті уақтылы ұсыну салық тәуекелдерін болдырмауға және заңнама талаптарының сақталуын қамтамасыз етуге мүмкіндік беретінін атап өткен жөн.
Осылайша, депозиттік кіріс болған кезде жеңілдетілген режимді қолданатын ЖШС 100.00 нысаны бойынша есеп беруге және банк ұстаған салықты есепке алуды ескере отырып, корпоративтік табыс салығын төлеуге міндетті.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-kostanay/press/news/details/1191040?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version