2026 жылғы 31 наурызда Есіл ауданы бойынша білім бөлімінің басшысы Майра Кажетованың төрағалығымен кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия отырысы өтті.
Күн тәртібі:
🔹 Есіл қаласындағы Агротехникалық колледжде жасөспірімдер арасында зорлық-зомбылықтың алдын алу бойынша профилактикалық жұмыстың жай-күйі туралы
Баяндамашы: «Есіл қаласы, Агротехникалық колледжі» МКҚК әлеуметтік педагогы Жансая Ткачева
🔹 Жаныспай ауылдық округі әкімдігі жанындағы жедел әрекет ету тобының қызметі туралы
Баяндамашы: «Жаныспай ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ бас маманы Ирина Ахметжанова
Отырыс қорытындысы бойынша жауапты органдарға тиісті тапсырмалар берілді. Бұл бағыттағы жұмыс тұрақты бақылауда.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-esil/press/news/details/1191984?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау