23 наурызда Наурызнамның онкүндігі аясында “Тазару күні” аталып өтіледі, осыған байланысты аудан мектептерінде “Қарлы десант”акциясы ұйымдастырылды. Оқушылар мен педагогтар игі іске белсене қатысты. Іс-шараның негізгі мақсаты зейнеткерлер мен жалғыз тұратын тұрғындарға көмек көрсету болды. Еріктілер аулаларды қардан тазартып, аға буынға қамқорлық пен көңіл бөлді. Акция оқушылардың басқаларға деген жауапкершілігі мен құрмет сезімін тәрбиелеуге ықпал етті. Мұндай бастамалар қоғамдағы өзара көмек пен бірлік рухын нығайтады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akk-roo/press/news/details/1192062?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау