Абай облысы Полиция департаментінде құқықтық тәртіп пен қоғамдық қауіпсіздікті нығайтуға бағытталған маңызды әрі мазмұнды жұмыс кездесуі өтті. Аталған іс-шара өңірдегі ұйымдар мен кәсіпорындар өкілдерінің, сондай-ақ полиция басшылығының басын қосып, ортақ мақсат – құқық бұзушылықтардың алдын алу жолында бірлескен әрекеттерді күшейтуге арналды.
Кездесуге облыс орталығындағы ірі күзет ұйымдарының өкілдері қатысып, өз тәжірибелерімен бөлісті. Ашық диалог форматында өткен жиын барысында қатысушылар өңірдегі қауіпсіздік саласының өзекті мәселелерін ортаға салып, оларды шешудің тиімді жолдарын ұсынды. Әсіресе, құқық бұзушылықтардың алдын алу саласындағы бірлескен жұмысты жетілдіруге бағытталған ұсыныстар кең қолдау тапты.
Жиын қорытындысында тараптар өзара сенім мен әріптестікке негізделген ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға дайын екендіктерін білдірді. Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету мен азаматтардың қауіпсіздігін арттыру жолында жаңа бірлескен бастамаларды жүзеге асыруға уағдаластық жасалды.
Абай облысы Полиция департаменті бастығының орынбасары полиция полковнигі Аблай Нұрымов кездесу барысында құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету – тек құқық қорғау органдарының ғана емес, бүкіл қоғамның ортақ міндеті екенін ерекше атап өтті.
Ол өз сөзінде қазіргі таңда қоғамдық қауіпсіздікті нығайту бағытында жүйелі жұмыстар жүргізіліп жатқанын жеткізе отырып, бұл ретте бизнес қауымдастық пен күзет ұйымдарының рөлі айрықша маңызды екенін айтты.
«Біз құқық бұзушылықтардың алдын алуда тек жедел әрекет етумен шектелмеуіміз керек. Ең бастысы – олардың туындауына жол бермейтін орта қалыптастыру. Бұл бағытта сіздердің қолдауларыңыз бен белсенді қатысуларыңыз аса қажет», – деді ол.
Бұл кездесу – мемлекет, бизнес және қоғам арасындағы тиімді байланыстың жарқын көрінісі ғана емес, сондай-ақ қауіпсіз әрі тұрақты қоғам құру жолындағы маңызды қадам болды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-abay/press/news/details/1191694?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау