Өнеркәсіпте 528,9 млрд. теңгеге өнім өндірілді, өнеркәсіптік өндіріс индексі – 103,6%. Оның ішінде: өңдеу өнеркәсібінің көлемі 110,2 млрд. теңге немесе, нақты көлем индексі – 104,6%, тау-кен өнеркәсібінің көлемі 401,2 млрд. теңге немесе, нақты көлем индексі – 102,9%.
Ауыл шаруашылығы өнімінің жалпы көлемі 4,7% өсіммен 28,2 млрд. теңгені құрады.
Облыс экономикасына 33,0 млрд. теңгеге инвестиция салынды, нақты көлем индексі – 100,2%.
Құрылыс жұмыстарының көлемі 9,8 млрд. теңге, нақты көлем индексі – 129,5%.
Ішкі сауда көлемі 136,3 млрд. теңге, нақты көлем индексі – 104,8%.
Көлік қызметтерінің көлемі 36,2 млрд. теңгені құрады. Нақты көлем индексі – 127,5%.
Байланыс қызметтерінің көлемі 2,0 млрд. теңгені құрады. Нақты көлем индексі – 102,5%.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-ekonomika/press/news/details/1191230?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау