Әлеуметтік әріптестік және әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі комиссия отырысының баспасөз хабарламасы

Жарияланды:

Автор:

категорияда

31 наурызда Ақмола облысының әкімдігінде әкімнің орынбасары  А. Б. Әміренованың төрағалығымен әлеуметтік әріптестік және әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі облыстық комиссияның кезектен тыс отырысы өтті.

Отырыс барысында әлеуметтік төлемдер мен жалақы бойынша берешекті өтеу мәселелері қаралды. Ақпаратпен мемлекеттік органдардың, кәсіподақ ұйымдарының, кәсіпорындардың және жеке сот орындаушыларының өкілдері сөз сөйледі.

Атбасар ауданының «ALEN KZ» ЖШС және Зеренді ауданының «Умай Жер» ЖШС жалақы бойынша берешекті және Атбасар ауданының «Tlekei-Agro» ЖШС әлеуметтік төлемдер бойынша берешекті өтеу жағдайына ерекше назар аударылды. Талқылау қорытындысы бойынша берешекті өтеу бойынша жұмысты жандандыруға және әлеуметтік шиеленісті болдырмауға бағытталған нақты тапсырмалар берілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-social/press/news/details/1192054?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version