2026 жылғы 1 ақпаннан бастап қолданыстағы тетіктердің орнына «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодекске ерекше бақылау және қадағалау субъектілерін (объектілерін) мемлекеттік бақылау және қадағалау енгізіліп, келесідей түрде жүзеге асырылады: жоспарлы тексерулер, жоспардан тыс тексерулер, ерекше бақылау және қадағалау объектілеріне бару арқылы мониторинг – бақылаудың жаңа нысаны және тергеп-тексеру.
Жоспарлы тексерулер мынадай нысандарға жүргізіледі:
-тәуекел дәрежесі жоғары– жарты жылда кемінде бір рет (барлық түрдегі мектепке дейінгі тәрбилеу және оқыту объектілері;балалар мен жасөспірімдер тұратын барлық түрдегі және типтегі білім беру және тәрбиелеу объектілері; ұйымдастырылған ұжымдардағы қоғамдық тамақтану объектілері, сауықтыру және санаторлық нысандар (маусымдық, жыл бойы), балалар мен жасөспірімдер тұрмайтын білім беру объектілері, білім беру объектілерінің жатақханалары, тәрбиелеу мен білім берудің арнайы, түзету кабинеттері (орталықтары), балалар мен жасөспірімдерге арналған оңалту орталықтары);
Тәуекелдің жоғары дәрежесіне жатқызылған ерекше бақылау және қадағалау субъектілеріне (объектілеріне) мониторинг жүргізілген жағдайда жоспарлы тексеру жүргізу жиілігі жылына бір реттен жиілетпей айқындалады.
– тәуекел дәрежесі төмен– жылына бір реттен жиі емес (техникалық, кәсіптік, ортадан кейінгі және жоғары білім беру объектілері, балалар мен жасөспірімдердің демалыс, дене тәрбиесі және шығармашылық қасиеттерін дамыту объектілері (қосымша білім беру мекемелері), балалар мен жастардың шығармашылық орталықтары, музыка, спорт және көркемөнер мектептері, балалар-жасөспірімдер орталықтары, аулалық клубтар, жас натуралистер станциялары, оқу-өндіріс комбинаттары және мектептен тыс ұйымдар).
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-vko/press/news/details/1191838?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау