АЩЫАҒЫР КӨПІРІНІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ БАСТАЛДЫ!
🔹Соңғы үш жылда көктемгі су тасқыны кезінде Ащыағыр көпірі шайылып, Оймауыт, Миялы және Баршақұм елді мекендерінің тұрғындары үшін жол қатынасы үзіліп, қолайсыздық туғызған еді.
🔹Осы мәселені шешу үшін 2024 жылы «Қарауылкелді – Алтай батыр – Миялы – Оймауыт» бағытының 34-ші шақырымында көпір құрылысының жобасы әзірленді. Жобаның жалпы құны – 342,7 млн теңге. Көпірдің ені – 12 метрді, ұзындығы – 29 метрді құрайды.
🔹 2026 жылы облыстық бюджеттен 330 млн теңге бөлініп, «Lider Invest Group» ЖШС мердігер ретінде келісімшарт жасалды. Құрылыс жұмыстарының жоспарланған мерзімі – 4 ай.
🔹 Қазіргі таңда құрылыс алаңында жұмыс қызу басталды: арнайы техникалар жеткізіліп, құрылыс материалдары тасымалдануда.
🔹Бұл жоба елді мекендер арасындағы қатынасты жақсартып, тұрғындардың қауіпсіз әрі қолайлы қозғалысын қамтамасыз етуге бағытталған.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-baiganin/press/news/details/1191943?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау