Аудан әкімдігі жанындағы консультативтік-кеңес

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Аудан әкімдігі жанындағы консультативтік-кеңес органы 2026 жылдың алғашқы тоқсанында жазасын өтеу орындарынан босатылған және пробация есебінде тұрған азаматтарды жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау бағытында атқарылған жұмыстарды қорытындылады.

Жиынды консультативтік-кеңесші органның төрайымы, аудан әкімінің орынбасары А. Ахметова жүргізді.

Отырыста Жуалы аудандық пробация қызметі бөлімінің бастығы Б. Бекмолдаев есептегі азаматтарды қоғамға бейімдеу, жұмыспен қамту және құқықбұзушылықтың алдын алу бойынша жүргізілген жұмыстар туралы баяндады. Оның айтуынша, әр азаматпен жеке профилактикалық жұмыстар ұйымдастырылып, әлеуметтік мәселелерін шешуге басымдық берілген.

Сондай-ақ, ауылдық округ әкімдері 2025 жылғы жұмыстар мен 2026 жылға арналған жоспарларын таныстырып, азаматтарды жұмыспен қамту, қоғамдық жұмыстарға тарту және әлеуметтік қолдау шаралары жалғасатынын жеткізді.

Ал, орталық аурухананың емхана бөлімінің меңгерушісі Ерік Қамбарбеков пробация есебіндегі азаматтардың медициналық бақылауда болып, қажетті ем-шаралармен қамтылып отырғанын атап өтті.

Жиын барысында комиссия мүшелері жұмысты жетілдіру бойынша ұсыныстар айтып, азаматтарды тұрақты жұмыспен қамту мен қайта әлеуметтендіру мәселесіне басымдық беру қажеттігін көрсетті.

Қорытындысында тиісті мекемелерге нақты тапсырмалар беріліп, алдағы кезеңге арналған іс-шаралар жоспары белгіленді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-zhualy/press/news/details/1192108?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version