Табиғи сипаттағы төтенше жағдайлар (су тасқыны, өрт және басқа да табиғи апаттар) орын алған жағдайда, мал шаруашылығы саласындағы келтірілген шығынды өтеу «Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру» дерекқорында малдың бар екендігі расталған кезде ғана жүзеге асырылатынын хабарлаймыз. Бұл талап Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2024 жылғы 17 мамырдағы №167 бұйрығымен бекітілген табиғи сипаттағы төтенше жағдайлар нәтижесінде жеке және заңды тұлғаларға келтірілген залалды өтеу қағидаларына сәйкес белгіленген.
Осыған байланысты, мал иелеріне «Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру» дерекқорында уақытылы тіркеуді қамтамасыз ету қажет.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-veterinariya/press/news/details/1191756?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау