Бәйдібек ауданы орталығында азаматтық қорғау саласындағы кешенді оқу-жаттығу аясында арнайы жиын ұйымдастырылып, төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жоюға арналған күштер мен құралдардың дайындығы тексерілді.
Аталған іс-шара Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларына және 2026 жылға арналған оқу-жаттығулар жоспарына сәйкес өткізілуде. Жиын барысында аудан аумағында орналасқан мекемелер мен кәсіпорындардың арнайы техникалары сапқа тұрғызылып, олардың төтенше жағдайлар кезіндегі іс-қимылға дайындығы пысықталды.
Іс-шараға аудан әкімінің орынбасарлары Бақыт Қырғызалиевпен Өмірзақ Қарабеков қатысып, азаматтық қорғау қызметтері мен тиісті құрылымдардың әзірлік деңгейімен танысты. Сонымен қатар, жауапты сала мамандарына нақты тапсырмалар беріліп, дайындық жұмыстарының сапасына ерекше назар аударылды.
Оқу-жаттығудың негізгі мақсаты – табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу, олардың салдарын жою, сондай-ақ басқару органдары мен азаматтық қорғау құрылымдарының үйлесімді іс-қимылын жетілдіру болып табылады.
Айта кетейік, кешенді оқу-жаттығу ағымдағы жылдың 31 наурызы мен 2 сәуірі аралығында өткізіліп, оған аудандық төтенше жағдайлардың алдын алу және жою комиссиялары, эвакуациялық комиссиялар, білім беру ұйымдары, азаматтық қорғау қызметтері мен жергілікті тұрғындар кеңінен тартылған.
Жалпы, өткізілген шаралар ауданның төтенше жағдайларға дайындығын арттырып, халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған.
Бәйдібек ауданы әкімінің баспасөз қызметі
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-baidibek-audany/press/news/details/1192034?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау