БЕРЕЛ МҰРАСЫ – ҰРПАҚҚА АМАНАТ: ОТЫРАРДА ТАҒЫЛЫМДЫ КӨРМЕ ӨТТІ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Отырар ауданында маңызы зор, тағылымы терең мәдени іс-шара өтті. Шығыс пен Оңтүстіктің рухани байланысын нығайтқан «Берел» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының ұйымдастыруымен «Берел қорғандары – Алтайдың мәңгі мұрасы» атты көрме көпшілік назарына ұсынылды.
Талапты ауылындағы «Сапар орталығы» ғимаратында өткен көрменің ашылу салтанатына аудан әкімінің орынбасары Айдос Құлмаханұлы және «Берел» музей-қорығының басшысы Нұрболат Қадырұлы қатысты. Іс-шара барысында қатысушылар көрменің тарихи-мәдени маңызына тоқталып, ұлттық мұраны насихаттаудың өзектілігін атап өтті.
Жиында «AMANAT» партиясы Отырар аудандық филиалының және аудандық мәслихаттың төрағасы Ұзақов Уалихан Жамалханұлы сөз сөйлеп, Отырар топырағында дүниеге келген мемлекет және қоғам қайраткері Өзбекәлі Жәнібековтің қазақ музей ісін дамытудағы елеулі еңбегін атап өтті. Сонымен қатар, мұндай ауқымды шаралардың өңірлер арасындағы мәдени байланысты нығайтып, ұлттық құндылықтарды дәріптеуде маңызды рөл атқаратыны айтылды.
Көрме жоғары деңгейде ұйымдастырылып, мазмұнды түрде өтті. Қонақтарды ұлттық аспаптардың сүйемелдеуімен қарсы алу рәсімі іс-шараның рухани мазмұнын айшықтай түсті. Салтанатты жағдайда лента қиылып, арнайы экскурсия ұйымдастырылды. Көрме барысында «Берел» қорғандарынан табылған бірегей жәдігерлер – ежелгі дәуірдің тұрмыс-тіршілігін бейнелейтін бұйымдар, ат әбзелдері, алтын әшекейлер мен тарихи құндылығы жоғары артефактілер таныстырылды.
Аталған мәдени жоба ұлттық мұраны кеңінен насихаттауға, тарихи сананы жаңғыртуға және жастардың өткенге деген құрметін арттыруға бағытталған маңызды бастама ретінде бағаланды.
Іс-шара соңында «Таза Қазақстан» акциясы аясында ағаш отырғызу рәсімі ұйымдастырылып, табиғатты қорғау мен қоршаған ортаны көгалдандырудың маңыздылығы тағы бір мәрте атап өтілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-otyrar-audany/press/news/details/1191331?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version