«Дипломмен ауылға» жобасын іске асыру бойынша 2026 жылдың 1 сәуіріне ақпарат

Жарияланды:

Автор:

категорияда

«Дипломмен ауылға» жобасы аясында ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне 2026 жылға республикалық бюджеттен 20 маманға арналған бюджеттік несиелерді өтеуге 173,0 млн теңге көлемінде және 23 маманға 10,3 млн. теңге сомасында көтермелі жәрдемақы қаражат жоспарланған.

2026 жылғы 1 сәуірге 6.5 млн. теңге сомасына 15 көтерме жәрдемақы төленді (оның ішінде білім беру саласында – 11 маман, денсаулық сақтау – 1 маман, мәдениет – 1 маман,  спорт – 1 маман, агроөнеркәсіптік кешен – 0 маман, мемлекеттік қызметші – 1 маман.).

2026 жылдың 1 тоқсанына бюджеттік кредит бойынша төлемдер жүргізілген жоқ. Бюджеттік несиелер бойынша төлемдер ағымдағы жылдың мамыр, шілде және қазан айларына белгіленген.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/economy-kokshe-akmo/press/news/details/1191567?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version