Еңбек және атқарушылық тәртіпті сақтау жөніндегі кеңес

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Түрксіб ауданы әкімінің аппаратының мәжіліс залында аудан әкімі Д.Н.Әкежановтың төрағалығымен Түрксіб ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының бөлім басшысы қатысқан кеңес өтті.

Кеңес барысында мемлекеттік қызметшілер мен олардың отбасы мүшелерінің жеке табыстары туралы декларация тапсыру мәселелері, сондай-ақ мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексін сақтау мәселелері қаралды.

Сонымен қатар, Әдеп кодексінің негізгі нормалары, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шаралары, қызметтік және қызметтен тыс уақытта әдеп талаптарын сақтау, сондай-ақ мемлекеттік қызметшілердің құмар ойындарға және деструктивті діни ағымдарға қатысу мәселелері талқыланды.

Түрксіб ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының өндірістік емес төлемдер бөлімінің басшысы Б.Р.Казеев 270-нысан (кезекті) және 250-нысан (бастапқы) бойынша декларация тапсыру мәселелеріне жан-жақты түсіндірме берді.

Жаңадан мемлекеттік қызметке қабылданған қызметкерлердің 250-нысан бойынша декларацияны уақытылы тапсыру қажеттілігіне ерекше назар аударылды.

Аудан әкімі аппаратының Әдеп жөніндегі уәкілі Ж.Е.Әбдікерімова еңбек және атқарушылық тәртіпті сақтау, сондай-ақ азаматтардың өтініштерін Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің талаптарына сәйкес қарау мәселелеріне ерекше назар аударды.

Сонымен қатар, ішкі еңбек тәртібі қағидаларын сақтау қажеттігін еске салды.

Сондай-ақ іскерлік киім үлгісін сақтау және қызметтік әдеп нормаларын ұстану, оның ішінде тұрғындарға сыпайы әрі ізетті қарым-қатынас жасау мәселелері қаралды.

Кеңес қорытындысы бойынша еңбек және атқарушылық тәртіпті сақтау, сондай-ақ декларацияларды уақытылы тапсыру бойынша бақылауды күшейту тапсырылды.

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty-turksib/press/news/details/1192069?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version