2026 жылғы 31 наурызда Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар вице-министрі М.Ошурбаев ЕҚЫҰ Хатшылығының саяси қызметінің басшысы, жанжалдарды болдырмау орталығы басшысының орынбасары Штефан Нуннермен кездесті.
Кездесу барысында тараптар экологиялық қауіпсіздік, климаттық тұрақтылық және бірлескен жобаларды іске асыру саласындағы ынтымақтастық мәселелерін талқылады, сондай-ақ сараптамалық тәжірибе алмасуды жалғастырудың маңыздылығын атап өтті.
2026 жылғы 22-24 сәуірде Астана қаласында өтетін Өңірлік экологиялық саммитті өткізуге дайындыққа ерекше назар аударылды. Тараптар ЕҚЫҰ-ның Саммит шеңберіндегі іс-шараларға қатысуын талқылады.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар өзара іс-қимылды жалғастыруға және бірлескен жобалар шеңберінде ынтымақтастықты нығайтуға дайын екендіктерін білдірді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo/press/news/details/1192008?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау