Ермек Кенжеханұлы Түркістан облысының тұрғындарымен кездесті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Орталық атқарушы органдар басшыларының халықпен кездесулері аясында Ауыл шаруашылығы вице-министрі Ермек Кенжеханұлы Түркістан облысының тұрғындарымен, оның ішінде өңірдің ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерімен кездесу өткізді.

Кездесу барысында Түркістан облысының ел экономикасындағы маңызды рөлі атап өтіліп, аграрлық сектор өкілдерімен ашық әрі сындарлы диалог орнатудың маңыздылығы ерекше айтылды.

Кездесуде көктемгі дала жұмыстарына және егіс науқанына уақтылы дайындық жүргізу, мемлекеттік қолдау шараларын тиімді пайдалану, мал шаруашылығы өнімдерінің экспортын дамыту, сондай-ақ агротехникалық талаптарды сақтау мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Вице-министр кездесу қатысушыларына Мал шаруашылығын дамытудың кешенді жоспарының негізгі бағыттарымен таныстырып, жаңа стратегиялық бағдарламаның өндіріс көлемін ұлғайту, материалдық-техникалық базаны жаңғырту және шаруашылықтардың тиімділігін арттыру тұрғысынан сала үшін қосымша мүмкіндіктер ашатынын атап өтті.

Сондай-ақ ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді ұтымды пайдалану және жер заңнамасы талаптарын сақтау мәселелері жан-жақты қаралды.

Диалог барысында Ермек Кенжеханұлы фермерлердің өтініштері мен ұсыныстарын тыңдап, оларды толғандырған сұрақтарға жауап берді. Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер субсидиялау, кредиттік ресурстарға қолжетімділік, мал шаруашылығын дамыту және ауыл шаруашылығы өнімдерін өткізу мәселелері секілді бірқатар өзекті тақырыптарды көтерді. Әрбір мәселе бойынша жан-жақты түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Вице-министр мемлекет өңірдің агроөнеркәсіптік секторына жан-жақты қолдау көрсетуді жалғастыратынын атап өтті.

Жұмыс сапары аясында Ермек Кенжеханұлы азаматтарды жеке қабылдап, өңірдің мақта өсірушілерімен де кездесті. Кездесу барысында мақта шаруашылығын дамыту, суармалы жерлерді тиімді пайдалану, мемлекеттік қолдау шаралары және өнімді өткізу мәселелері талқыланды.

Жұмыс сапары «Түркістан тоқыма» ЖШС қызметімен танысумен аяқталды. Тоқыма өнімдерін толық циклмен өндіруге арналған мақта агроөнеркәсіптік кластері 2025 жылы Turan арнайы экономикалық аймағының аумағында іске қосылған. Мұнда жіп иіру және мата өндіруге маманданған өндірістік кешен жұмыс істейді.

Жобаның жалпы құны 86,2 млрд теңгені құрайды. 2026 жылдың желтоқсанына дейін жобаны іске асырудың тағы үш кезеңін аяқтау жоспарланып отыр. Бұл қосымша 2 мыңға жуық жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді.

Кәсіпорын жобалық қуатына шыққаннан кейін жыл сайын 11,4 мың тонна жіп, 47,3 млн шаршы метр мата, 2 млн төсек-орын жиынтығы және 4 млн көрпе өндіруді жоспарлап отыр.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/moa/press/news/details/1191982?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version