Өңірдегі су тасқыны кезеңіне әзірлік жұмыстары

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Көктемгі су тасқыны кезеңінің басталуына байланысты облыс аумағында халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жұмыстары күшейтілді. Облыстағы су тасқыны жағдайы аймақ басшысының бақылауында.

“Бүгінгі таңда сыйымдылығы 1,4 млрд текше метрді құрайтын екі ірі су қоймасындағы судың жалпы көлемі 939,5 млн м³ (толу деңгейі 70%). Тасқын мен су басу салдарын жою үшін 2 815 адам, 392 техника, 123 жүзу құралы, 336 мотопомпадан тұратын күштер мен құралдар тобы анықталды”, – деді облыс әкімі Құмар Ақсақалов.

Автомобиль жолдарында 3 жерде су басу дерегі тіркелді: 1 республикалық, 2 аудандық маңызы бар жолдар. Амангелді ауданы Қарынсалды ауылына баратын автожолдағы су қайтып, көлік қатынасы қалпына келтірілді.

Қазіргі уақытта көлік қатынасынсыз қалған – Арқалық қаласының Мирный елді мекені.

Облыс аумағында жолдардың шайылуы мен жеке тұрғын үйлерді су басу жағдайы да анықталған жоқ. Салынған бөгеттер судың жақын маңдағы үйлерге жетуіне жол бермеді.

Өңір бойынша 1,3 млн текше метрден астам қар шығарылды.

3 арық пен 51 су бұру каналы тазартылды, 2 515 метр қорғаныс біліктері нығайтылды, 1 578 ауладан қар шығарылды, 8 500-ден астам қап инертті материал төселді.

Өзендер мен су айдындарында мұзды қопсытуға арналған жарылыс жұмыстары толық аяқталды. Жұмыстар көлемі 225 мың текше метрді құрады.

Су тасқынының алдын алу және қол күші мен құралдарды алдын ала шоғырландыру мақсатында 16-27 наурыз аралығында Арқалық қаласына, Амангелді, Жангелдин, Науырзым, Қарасу және Әулиекөл аудандарына 272 адам, 32 техника, 7 жүзу құралынан тұратын топтар жіберілді.

Су басу қаупі бар ауылдық елді мекендерде эвакуация, тамақтандыру және халықты уақытша орналастыру пунктері дайындалды. Қазіргі уақытта облыстың тасқын қаупі бар учаскелерінде тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылып, жағдай тұрақты бақылауда.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/1192124?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version