Минск қаласына жұмыс сапары аясында Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Артур Ластаев Минск ауданының №1 тергеу изоляторына (СИЗО) барды.
Сапар барысында Омбудсмен тергеу изоляторында қамауда отырған Қазақстанның үш азаматымен кездесіп, олардың ұстау жағдайларымен танысты.
Уәкіл азаматтардың өтініштерін тыңдап, құқықтық рәсімдердің жекелеген тұстарын нақтылады және мекеме әкімшілігімен шетел азаматтарының құқықтарының сақталуына қатысты мәселелерді, оның ішінде медициналық көмекке қол жеткізу, тамақтану және тұрмыстық жағдайлар бойынша талқылады.
№1 тергеу изоляторы – бұл қазіргі заманғы қылмыстық-атқару (түзету) мекемесі, оған режимдік корпус, тұтқындарға арналған медициналық госпиталь және спорттық-мәдени нысандар кіреді.
Ол жерде тергеу астында тұрған тұлғалар мен түзету колониясына ауыстырылуды күтетін адамдар қамауда болады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ombudsman/press/news/details/1192058?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау