Панфилов ауданында Діни бірлестік жетекшілері клубының кезекті отырысы өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

      Іс-шара «Наурыз – жасампаздық мерекесі: Жетісудың тарихи мұрасын сақтау және дінаралық диалог» тақырыбында ұйымдастырылып, түрлі конфессия өкілдерін бір алаңға тоғыстырды.

Кездесу барысында қатысушылар:

▫️ ортақ құндылықтар

▫️ рухани жауапкершілік

▫️ тарихи мұраны сақтау

▫️ қоғамдағы татулықты нығайту мәселелерін талқылады

    Іс-шара аясында қатысушылар Жаркент мешіті музейіне және Илия пайғамбар шіркеуіне экскурсия жасап, өңірдің тарихи-мәдени мұрасымен танысты.

   Сонымен қатар, ағаш отырғызу акциясы ұйымдастырылды. Бұл кездесу Жетісу өңірінде конфессияаралық келісімді нығайтуға және ұлттық құндылықтарды дәріптеуге бағытталған маңызды алаң болды. Шараға 30-дан аса діни қызметкер қатысты.

 

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-oblysy-din/press/news/details/1191536?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version