Қарағанды облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің Ұйымдастыру-бақылау басқармасының аға жедел уәкілі Орынбасаров О.
«Дроптар деген кімдер және қаржылық пирамидаға қалай түсіп қалмауға болады» тақырыбында түсіндіру жұмысын жүргізді.
Аталған іс-шара Орталық Қазақстан өңіраралық геология департаменті «Орталыққазжерқойнауы» және Қарағанды облысының Экология департаментінің мемлекеттік қызметшілері арасында өткізілді.
Дәріс барысында азаматтарды заңсыз қаржылық схемаларға тарту тетіктері, «дропперлік» ұғымы және банк карталарын бергені үшін көзделген қылмыстық жауапкершілік түсіндірілді. Сонымен қатар жеке жинақтарды қорғау бойынша практикалық ұсынымдар берілді.
Осындай іс-шараларды өткізу қаржылық сауаттылық дағдыларын қалыптастыруға, заңнаманы сақтауға ықпал етеді және экономикалық құқық бұзушылықтардың алдын алудың маңызды құралы болып табылады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/geology-ckn/press/news/details/1191769?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау