Қарағандыда жастар арасындағы профилактикаға жаңа тәсілдер енгізілуде

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қарағанды облысының прокуроры Бауыржан Мырзакеровтың төрағалығымен балалар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу тиімділігін арттыру мәселелеріне арналған алқа отырысы өтті.

Отырысқа уәкілетті органдардың, құрылымдық бөлімшелердің басшылары және алқа мүшелері қатысты.

Өзекті мәселелер мен олардың себептері талқыланды. Құқық бұзушылық жасауға ықпал ететін жағдайларды болдырмау бойынша нақты бағыттар мен шаралар айқындалды.

Облыс прокуратурасы әзірлеген, оқушылардың аутодеструктивті мінез-құлқын анықтау Алгоритмін енгізудің аралық нәтижелеріне ерекше назар аударылды.

Сондай-ақ профилактикалық жұмысты күшейтуге бағытталған цифрлық шешімдер ұсынылды. Олардың қатарында оқушыларды құқықтық ақпараттандыруға арналған Telegram-бот бар, ол бүгінгі күні облыс колледждерінде сынақтан өтуде.

Жасанды интеллект технологияларын қолданатын бейнеаналитика жүйесі таныстырылды, ол да тестілік режимде білім беру ұйымдарында орнатылуда. Бұл жүйе мінез-құлық белгілерін талдау негізінде тәуекел топтарын анықтауға мүмкіндік береді.

Әлеуметтік желілердегі деструктивті контентті анықтауға және талдауға арналған мониторинг жүйесі енгізілуде.

Аталған шараларды іске асыру алдағы уақытта кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.

 

#законипорядок#закон_и_порядок

Қарағанды облысының прокуратурасы

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-karagandy/press/news/details/1192101?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version