ҚАРАТӨБЕ АУДАНЫ БОЙЫНША САЙЛАУ КОМИССИЯЛАРЫНЫҢ ҚҰРАМЫНАН БОСАП ҚАЛҒАН МҮШЕЛЕРІ ҮШІН ҚАРАТӨБЕ АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ ХАБАРЫ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 17-бабына және 10-бабының 3-тармағына сәйкес Қаратөбе аудандық мәслихаты сайлау комиссияларының құрамынан босап қалған мүшелері үшін ұсыныстар қабылдау басталғанын хабарлайды.

 

№ 1 Аққозы округтік сайлау комиссиясы      2 орын

№ 2 Егіндікөл округтік сайлау комиссиясы      2 орын

 

№ 267 Қоржын учаскелік сайлау комиссиясы        1 орын

№ 271 Егіндікөл учаскелік сайлау комиссиясы        2 орын

№ 272 Жусандой учаскелік сайлау комиссиясы        1 орын

№ 274 Ақтай-сай учаскелік сайлау комиссиясы        1 орын

№ 275 Алакөл учаскелік сайлау комиссиясы        1 орын

№ 277 Қаратөбе учаскелік сайлау комиссиясы        1 орын

№ 279 Қоскөл учаскелік сайлау комиссиясы        1 орын

№ 280 Шалғын учаскелік сайлау комиссиясы        2 орын

 

Саяси партиялардан ұсыныстарды қабылдау 2026 жылдың 7 сәуірінен бастап 22 сәуірге дейін белгіленеді, белгіленген мерзімде саяси партиялардан ұсыныстар болмаған жағдайда өзге қоғамдық бірлестіктердің ұсыныстары қабылданады.

Үміткерлер туралы ұсыныстарды Қаратөбе аудандық мәслихатына мына мекенжайға: Қаратөбе ауылы, Ғ.Құрманғалиев көшесі № 14 үй, 2 қабатта, сағат 9:00-ден 18:30-ға дейін қабылдайды. Байланыс телефоны 31-1-70.

Учаскелік сайлау комиссияларының құрамына ұсынылатын үміткерлер Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 19-бабы 2-1 тармағының талаптарына сәйкес болуға тиіс.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karatobe-maslihat/press/news/details/1191461?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version