🔸2026 жылдың 31 наурызында «Заң мен тәртіп» идеологиясын іске асыру аясында зияткерлік меншік құқығы бөлімінің басшысы Динара Хусаинова азаматтарға Қазақстан Республикасының заңнамасы мәселелері бойынша консультация өткізді.
🔹Консультация барысында Қазақстан Республикасының авторлық құқық саласындағы заңнама нормалары түсіндірілді, сондай-ақ қолданыстағы заңнамаға қатысты өзге де құқықтық мәселелер бойынша түсініктемелер берілді. Азаматтардың құқықтарын қорғаудың практикалық аспектілеріне және халықтың құқықтық сауаттылығын арттыруға ерекше назар аударылды.
🔸Осындай консультацияларды өткізу құқықтық мәдениетті қалыптастыруға, заңдылық қағидаттарын нығайтуға және халыққа құқықтық көмектің қолжетімділігін қамтамасыз етуге ықпал етеді.
Қостанай облысы
Әділет департаментінің
Баспасөз қызметі
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-kst/press/news/details/1191767?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау