Қазақстандық AKASHI дата-орталығы саладағы ең беделді ұйымдардың бірі — Uptime Institute тарапынан Tier IV сертификатын алды. Бұл сертификат нысанның халықаралық стандарттарға сай екенін және инфрақұрылымының ең жоғары сенімділік деңгейіне ие екенін растайды.
Осылайша, Қазақстан цифрлық маңызды жүйелер үшін жоғары деңгейлі сенімді инфрақұрылымы бар әлемнің жиырма елі қатарына енді. Tier IV деңгейі — халықаралық жіктеудегі ең жоғары санат. Ол инфрақұрылымның толық резервтелгенін, бірыңғай істен шығу нүктесінің жоқ екенін және техникалық жұмыстарды ІТ-жүйелерді тоқтатпай жүргізуге болатынын білдіреді.
AKASHI дата-орталығы Астанада салынып жатыр. Жоба жалпы қуаты 100 мегаваттқа дейін жететін төрт тәуелсіз блоктан тұрады. Бірінші кезеңді іске қосу 2027 жылға жоспарланған. Қазіргі таңда алғашқы блоктың қуаты 93 пайызға дейін алдын ала брондалған. Негізгі сұраныс қаржы секторы, технологиялық компаниялар және үлкен деректерді өңдеуге байланысты жобалар тарапынан қалыптасып отыр.
https://akashi.cloud
Толығырақ: https://tengrinews.kz/kazakhstan_news/kazahstanskiy-data-tsentr-akashi-podtverdil-status-odnogo-595802/
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana-uir/press/news/details/1192142?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау